Газадағы қақтығысты тоқтату қажет – Эмомали Рахмон

Мұны Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон “ШЫҰ плюс” форматындағы кездесуде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бейбіт тұрғындардың, әсіресе балалардың құрбан болуына әкелген Газа аймағындағы қақтығыстың өршуіне байланысты терең алаңдаушылық білдіреміз. Газа секторының зардап шеккен тұрғындарына көмек көрсету үшін әскери қимылдарды дереу тоқтатып, гуманитарлық дәліздерді ашу қажет, - деді ол.

Тәжікстан президенті бұл қақтығысты шешудің бір-ақ жолы барын айтты.

Бұл аймақтағы мәселе 1968 жылғы шекара аймағында тәуелсіз Палестина мемлекетін құру арқылы шешіледі. Ол үшін халықаралық құқықтық негізде кешенді шешімдер қабылдау қажет , - деді Эмомали Рахмон.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы