Газадағы клиника аумағынан 20 адамның мәйіті табылды

Газа азаматтық қорғаныс қызметі жантүршігерлік ақпаратпен бөлісті. Газа қаласындағы "Шейх-Радван" клиникасының аумағынан ретсіз көміліп қалған 20 адамның денесі табылған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі "Синьхуа" агенттігіне сілтеме жасап.

Қаза тапқандардың көбі әлі анықталған жоқ. Із-түссіз жоғалғандарды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Жергілікті денсаулық сақтау органдарының дерегінше, соңғы тәулікте ауруханаларға үш мәйіт пен бірнеше жаралы жеткізілген. 10 қазанда бітім күшіне енгеннен бері анклавта 245 адам қаза тауып, 623 адам жараланған. Құтқарушылар іздестіру жұмыстарын жалғастыруда. Осы уақыт ішінде олар Газа аумағының әр бөлігінен 529 адамның денесін тапқан.

2023 жылғы 7 қазаннан бері аймақтағы қақтығыс салдарынан көз жұмғандардың жалпы саны 69 182 адамға жетті. Тағы 170 694 адам жарақат алған. Ресми деректерге сүйенсек, жағдай әлі де өте ауыр, ал қақтығыстың гуманитарлық зардаптары күннен күнге ұлғайып келеді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Өткен айда Газа секторында атысты тоқтату режимі күшіне енгеннен бері Израиль келісім бойынша алған міндеттемелеріне қарамастан, тәулігіне 600 гуманитарлық жүк көлігін кіргізуге бірде-бір рет рұқсат бермеген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы