Газада Израильдің әуе соққысынан су алу үшін кезекте тұрған балалар қаза тапты

13 шілде күні Газа секторында Израильдің әуе соққысы салдарынан он адам қаза тапты, оның ішінде алтауы – су алу үшін кезекте тұрған балалар. Бұл туралы The Guardian басылымы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға сектордың орталығындағы Нусейрат маңында болған. Қаза тапқандардың денелері жергілікті "Аль-Авда" ауруханасына жеткізілді. Сонымен қатар, 16 адам жараланып, жеті бала ауруханаға жатқызылды.

Израиль Қорғаныс армиясының мәлімдемесіне сәйкес, әуе соққысы "Исламдық жиһад" тобының "террористеріне" бағытталған. Алайда, нысанаға бағытталған оқ-дәрі бірнеше ондаған метрге ауытқып, "техникалық қателік" орын алғанын мойындады. Қазір оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.

Израиль тарапы бейбіт тұрғындар арасында құрбандардың болғанын біледі және мұндай жағдайлардан "мейлінше аулақ болуға тырысатынын" айтып, жазықсыз жандардың қазасына өкінетінін жеткізді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы