Газада Израиль шабуылынан 1 күнде 50 адам қаза тапты

Бұл туралы «Әл-Жазира» телеарнасы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Газаның солтүстігінде 4 қабатты тұрғын үй бомбаланды. Ғимаратта елуге жуық босқын болған. Бұдан бөлек, Әл-Шати босқындар лагеріне соққы жасалды. Израиль бұл жерді «ХАМАС» басқару орталығы ретінде пайдаланды дейді. 

Газаның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, былтырғы қазаннан бері 43 жарым мың палестиналық ажал құшқан. Жараланғандар бұдан 2 есе көп.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы