Газа секторындағы атысты тоқтату туралы келісім бүгін күшіне енеді

Бүгін Газа секторында жергілікті уақыт бойынша 8:30-да (Астана уақыты бойынша 11:30-да) атысты тоқтату туралы келісім күшіне енеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Катар СІМ ресми өкілі Маджид Әл-Ансари әлеуметтік желіде жазды.

Келісім тараптары мен делдалдар арасындағы уағдаластыққа сәйкес Газа секторындағы атысты тоқтату туралы келісім жексенбі, 19 қаңтар күні Газа секторының уақыты бойынша таңғы сағат 8.30 - да басталады, - деп нақтылады ол.

Бұған дейін Катар билігі Катар, Мысыр және АҚШ делдалдары Газа секторында Израиль мен палестиналық Хамас қозғалысыарасындағы қақтығысты - 15 айға созылған соғыс қимылдарынан кейін атысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізгенін хабарлады. Келісім 19 қаңтарда күшіне енеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы