Газа секторында тұмаудың ауыр түрі өршіп тұр

Газа секторында тұмаудың ауыр түрі таралып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Палестина Денсаулық сақтау министрлігі Хан-Юнис қаласындағы «Тахрир» балалар ауруханасының директоры Ахмед Ферраға сілтеме жасап мәлімдеді.

Мәлімдемеде ең алдымен балалардың осал екені атап өтілді. Себебі олардың иммунитеті Израильдің блокадасы салдарынан туындаған аштықтан әлсіреген.

Ахмед Ферра аймаққа дәрі-дәрмек пенмедициналық жабдықтарды жедел жеткізуді қамтамасыз етуге шақырды. Сонымен қатар, балалардың иммунитетін күшейту үшін негізгі азық-түлік өнімдерін жеткізудің де аса маңызды екенін атап өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы