Газа секторында қаза тапқандар саны 65 мыңнан асты
2023 жылғы 7 қазаннан бері Израиль армиясының Газа секторына жасаған шабуылдарының салдарынан қаза тапқандардың жалпы саны соңғы тәулікте 47 адамға артып, 65 549-ға жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Anadolu-ға сілтеме жасап.
Газа денсаулық сақтау министрлігінің жазбаша мәлімдемесінде Израильдің әуе және жер үстіндегі шабуылдарынан қаза тапқандар мен жараланғандарға қатысты соңғы деректер ұсынылды.
Хабарламаға сәйкес, соңғы 24 сағат ішінде Газа секторындағы ауруханаларға 47 адамның мәйіті мен 142 жаралы жеткізілген.
Сонымен қатар 19 қаңтарда жасалған келісімге қарамастан, 18 наурыздан бері Израиль жүргізіп келе жатқан шабуылдардың нәтижесінде 12 956 палестиналық қаза тауып, 55 477 адам жараланған.
27 мамырдан бастап Израиль мен АҚШ бақылауындағы гуманитарлық көмек тарату бекеттерінде палестиналықтарға жасалған жүйелі шабуылдардан 2 543 адам қаза тауып, 18 614 адам жарақат алған.
Жалпы алғанда, 2023 жылғы 7 қазаннан бастап Израильдің Газа секторына жасаған соққылары салдарынан 65 549 адам көз жұмып, 167 518 адам жараланған.
Әлі де мыңдаған адамның денесі үйінді астында қалып қойған.