+17

Газа секторында қаза тапқандар саны 55 мыңнан асты

2023 жылдың қазан айынан бері Газа секторында қаза тапқандар саны 55 104 адамға жеткен. Бұл туралы Палестина Денсаулық сақтау министрлігі Telegram арнасындағы күнделікті есебінде жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жараланғандар саны – кемінде 127 394. Тек соңғы тәулікте 123 адамның мәйіті ауруханаларға жеткізілген, оның ішінде үшеуі үйінді астынан алынған.

Қираған ғимараттар астында әлі де көптеген адамның мәйіті қалуы мүмкін. 2025 жылдың 18 наурызынан бастап 4 821 адам қаза тауып, 15 353 адам жараланғаны тіркелген.

Израиль шабуылдары гуманитарлық көмек таралатын аудандарға да әсер етуде. Мұндай шабуылдардан 224 адам мерт болып, 1 858-ден астамы жараланған. Жергілікті билік құрбандар саны одан әрі артуы мүмкін екенін айтады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы