Газа секторында Израиль шабуылынан қаза тапқандар саны 72 мыңға жуықтады

2023 жылғы 7 қазаннан бері Израиль армиясының Газа секторына жасаған шабуылдары салдарынан қаза тапқандар саны 71 795 адамға жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Газа секторындағы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы 24 сағат ішінде ауруханаларға 68 жараланған адам жеткізіліп, 26 адамның мәйіті әкелінген.

2025 жылғы 10 қазанда Газа секторында атысты тоқтату туралы келісім күшіне енгеннен бері Израиль шабуылдары салдарынан 523 адам қаза тауып, тағы 1433 адам жарақат алған.

2023 жылдың қазан айынан бері Палестина эксклавына жасалған Израиль армиясының шабуылдары салдарынан жараланғандардың жалпы саны 171 551 адамға жетті.

Қираған ғимараттардың үйінділері астында әлі де мыңдаған қаза тапқан адамның мәйіті жатқаны айтылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы