Газа секторында гуманитарлық жүк тиелген көліктер тоналды
Газа секторының оңтүстігінде гуманитарлық көмек тиелген жүздеген жүк көлігі тоналды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
БҰҰ-ның палестиналық босқындардың істері туралы агенттігі БАПОР мұны "жылдың ең нашар оқиғасы" деп атады.
СNN таратқан ақпаратқа сәйкес, БАПОР мен Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы үшін азық-түлік тасымалдайтын 109 жүк көлігінің ішінен Газадағы Керем-Шалом бақылау-өткізу бекетінде 97 көлік жоғалып кеткен.
Жүргізушілерге қару кезенген белгісіз біреулер жүк көлігіндегі жүктерді түсіруге мәжбүрлеген. Гуманитарлық ұйымдардың қызметкерлері жараланып, жүк көліктерінің бүлінгені айтылуда.
БҰҰ тонауға кінәлілердің кім екенін анықтап жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Теміртауда әйел адам қоқыстың кесірінен өртеніп кете жаздады
Келесі жаңалық
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрін қабылдады
Өзгелердің жаңалығы