Газа секторында бір тәулікте Израиль соққыларынан 67 адам қаза тапты
Газа секторында Израильдің әуе шабуылдары салдарынан бір тәулікте 67 адам қаза тауып, 397 адам жараланды. Бұл туралы аймақтың Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Соңғы 24 сағат ішінде Газа секторының ауруханаларына 61 қаза тапқан адамның және 397 жараланған адамның денесі мен деректері келіп түсті, - делінген министрліктің Telegram-каналында.
Бұған дейін, 7 маусымда Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) Газа секторынан атылған снарядтар ел аумағына түскенімен, жарылыс ашық далада болғанын және жарақат алғандар жоқ екенін хабарлаған еді.
Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыс салдарынан бейбіт тұрғындар арасында шығын көбейіп келеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қызылордада ер адам көпқабатты үйдегі лифт ішінде қалып қойған
Өзгелердің жаңалығы