Газа секторында аштықтан қаза тапқандар саны 169-ға жетті
Газа секторындағы аштық пен тамақтанудың жеткіліксіздігінен қаза тапқандар саны 169 адамға жетті. Бұл туралы Газа секторының Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Құрбандардың қатарында 93 бала бар, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Министрлік мәліметінше, соңғы тәулікте аштықтан тағы жеті адам көз жұмған, оның біреуі – бала. Ведомство өңірдегі гуманитарлық ахуалдың күн санап ушығып бара жатқанын, азық-түлік тапшылығы мен медициналық көмектің жоқтығы тұрғындардың өміріне қауіп төндіріп тұрғанын атап өтті.
Халықаралық қауымдастық пен гуманитарлық ұйымдарды тез арада шұғыл әрекет етуге шақырамыз, - делінген министрлік мәлімдемесінде.
The Jerusalem Post 25 шілдеде жариялаған материалында Газа секторында азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты күрделі жағдай қалыптасқанын жазды. Соған қарамастан, Израиль БҰҰ-ны Газаға 900 гуманитарлық жүк көлігін жіберуге көндіруге тырысып жатқанын хабарлаған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ОПЕК+ елдері қыркүйекте мұнай өндіру көлемін ұлғайтады
Өзгелердің жаңалығы