11 Қараша 2023 2023, 10:13 Фото: Reuters

Газа секторында әр 10 минут сайын бір бала қаза табады – ДДСҰ

Дүниежүізілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус Газа секторында әр 10 минут сайын бір бала қаза болып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дүниежүізілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус Газа секторында әр 10 минут сайын бір бала қаза болып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Газа секторында 10 800-ден астам адам қаза тапты, олардың 70%-ы – әйелдер мен балалар. Шамамен әр 10 минут сайын бір бала ажал құшады, – деді ол Таяу Шығыстағы жағдайды талқылау үшін өткізілген БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында.

Оның айтуынша, Газадағы 36 аурухананың жартысы, алғашқы медициналық көмек орталықтарының 60% жұмыс істемейді.

Науқастар аурухана дәліздерінде жатыр. Хирургиялық операциялар анестезиясыз жасалуда, - деді Тедрос Адханом Гебрейесус.