Газа секторында 50 мыңға жуық палестиналық қаза тапты

Газа секторындағы соғыс өртін тоқтату туралы келісім жасалғалы бері тікелей израильдық шабуыл салдарынан 121 палестиналық қаза тауып, 500 адам жараланған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Anadolu агенттігі таратқан мәліметке сәйкес, 2023 жылғы 7 қазаннан бері жасалған израильдық шабуылдан 35 палестиналықтың денесі ауруханаға жеткізілген. Олардың ішінде 30-ы соңғы тәулік ішінде үйінді астынан табылған.

Газадағы палестиналық денсаулық сақтау министрлігі таратқан ақпаратта соңғы сағат ішінде ауруханаларға 35 адамның денесі жеткізілген, 10 адам жараланған.

Ал 2023 жылғы 7 қазаннан бері Газа секторындағы қақтығыстан қаза болған палестиналықтар саны 48 440-ке жеткен. Ал жаралылардың саны 111 845-ті құрайды.

Қақтығысты тоқтату мен тұтқын алмасу туралы ХАМАС-пен жасалған келісімге қарамастан, Израиль Газадағы шабуылды тоқтату режимін жиі бұзып отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы