Газа секторында 5 журналист қаза тапты
Газа секторының орталығындағы Нусейрат босқындар лагерінде 5 журналист Израиль шабуылынан қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Марқұмдар жергілікті "Әл-Құдс" телеарнасының қызметкерлері болған. Бұл туралы анклавтың денсаулық сақтау саласының ресми өкілдері мәлімдеді. Израиль журналистер отырған көлікті зымыранмен атқан.
Әзірге ресми Тель-Авив аталған шабуыл бойынша ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Ақтөбеде жоғалып кеткен адам аман-есен табылды
Өзгелердің жаңалығы