Газа секторында 20 аурухана жабылды
Газа секторындағы 35 аурухананың 20-сы жабылд,ы деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Палестинаның Денсаулық сақтау министрі Мэй Кайле мәлімдеген.
Ол Біріккен Ұлттар Ұйымынан қақтығысты тоқтату үшін нақты шаралар қабылдауды сұрады. Себебі үздіксіз шабуылдар медицина орталықтарының қызметіне кедергі келтіріп тұр. Мекемелер жұмысын жалғастыруы үшін жанар-жағармай, электр қуаты және құрал-жабдықтар қажет.
Аль-Шифа ауруханасындағы ахуал көңіл көншітпейді. Шабуылдар жағдайды ушықтырды. Науқастардың жағдайы күн санап нашарлап барады. Аурухана жабылғанымен, дәрігерлер іште қалып, жағдайы ең ауыр деген науқастарды бақылап отыр, - дейді дәрігер Насер Мохаммад Кандиль.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ШҚО-да 400-ден астам адам бала асырап алуға ниетті
Өзгелердің жаңалығы