Газа секторына жасалған соққы: Израиль ХАМАС-ты бітімгершілікті бұзды деп айыптады

Израиль Қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) Газа секторының оңтүстігіндегі ХАМАС пайдаланатын инфрақұрылым нысандарына бірқатар әуе соққыларын жасады. Бұл туралы The Jerusalem Post басылымы Израиль Премьер-министрінің кеңсесіне сілтеме жасап жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Соққылар Рафах қаласында израильдік сарбаздарға оқ атылғаннан кейін жасалған. Израиль тарапы бұл әрекетті ХАМАС тарапынан атысты тоқтату режимін бұзу деп бағалап отыр.

Израиль Премьер-Министрі Беньямин Нетаньяху исламшыл қозғалысқа ескерту жасап, кез келген шабуылға қатаң жауап қайтарылатынын мәлімдеді.

Бітімгершілікті бұзған әрбір әрекетке қатал жауап беріледі, - деді Нетаньяху.

Бұған дейін ХАМАС содырлары тегеурінді танкке қарсы зымыран атып, Рафах маңындағы ЦАХАЛ бөлімшелеріне атыс жасағаны хабарланған еді. Бұған жауап ретінде Израиль артиллериясы қарсы соққы берген.

Айта кетейік, соңғы апталарда Газа секторында атысты тоқтату келісімі жиі бұзылып, екі тараптың да шығындары көбейіп отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Mohammed Fayq Abu Mostafa / Reuters
Өзгелердің жаңалығы