+14

Газа секторы тағы соққы астында қалды. Израиль билігі мәлімдеме жасады

Газа билігі ауруханаға жасалған соққыдан ондаған адамның қаза тапқанын хабарлады. Израиль бұл шабуылды ХАМАС-қа қарсы бағытталған деп мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Израильдің әуе соққысы салдарынан Газаның оңтүстігіндегі Хан-Юнис қаласында орналасқан Еуропалық ауруханада кемінде 28 адам қаза тауып, ондаған адам жараланды. Бұл туралы ХАМАС бақылауындағы Азаматтық қорғаныс агенттігі хабарлады.

Жергілікті дереккөздердің мәліметінше, Израиль әскері аурухананың ішкі ауласы мен оған жақын аумаққа алты бомба тастаған. Израиль Қорғаныс армиясы бұл соққыны ХАМАС содырларының "басқару орталығына" бағыттағанын, ол аурухана ғимаратының астында орналасқанын мәлімдеді.

Аталған шабуыл кезінде BBC-мен әріптестік орнатқан фрилансер журналист те жарақат алды. Оған алғашқы көмек көрсетіліп, қазіргі уақытта жағдайы тұрақты екені айтылды.

Куәгерлердің айтуынша, Израиль дрондары аурухана ғимаратына қоршау жасап, құтқарушылардың жараланғандарға жетуіне мүмкіндік бермеген. Бір дрон екі құтқарушыны жарақаттаған. Олар көмек көрсету үшін жақындай бергенде шабуылға ұшыраған.

Ideals International қайырымдылық ұйымында жұмыс істейтін пластикалық хирург Том Потокар шабуыл кезінде ауруханада болған. BBC Newshour бағдарламасына берген сұхбатында ол:

Ешқандай ескертусіз бірінен кейін бірі алты қуатты жарылыс болды, - дейді ол.

Дәрігерлер мен куәгерлердің сөзінше, Газа қаласындағы "Насер" ауруханасының шұғыл жәрдем бөлімі де шабуылға ұшыраған.

Сол шабуыл кезінде палестиналық танымал фототілші Хассан Аслих қаза тапты. Ол бұған дейінгі израильдік соққы кезінде жараланып, ем қабылдап жатқан еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы