Түркістан облысында газ баллоны жарылып, 14 жастағы қыздың денесін күйік шалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кентауға жақын орналасқан Жүйнек ауылында газ баллоны жарылды, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.

"14 қазанда сағат 11:16-да Түркістан облысы Кентау қаласынан 20 шақырым жерде орналасқан Жүйнек ауылындағы үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, 32 шаршы метр жердей аумақ өртенді. Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында өрт сағат 12:28-де ауыздықталды", - делінген таратылған хабарламада. 


Оқыс оқиға салдарынан 2005 жылғы қыздың денесін күйік шалып, ауруханаға жатқызылды. Төтенше жағдайдың газ баллоны редукторының істен шығуы себебінен болуы мүмкін. 

Өрт сөндіруге облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 7 адам және 2 бірлік техника жұмылдырылды. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы