Солтүстік Қазақстанда газ бағасы төмендеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Газ құны 1 шілдеден бастап төмендетілді.
"Горгаз-Сервис" ЖШС Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік маңызды нарықтарға баға белгілеу ережелерінің 13-тармағына сәйкес, сұйытылған мұнай газының топтық сақтау қондырғылар арқылы сату бағасын 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап төмендетті, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.
Сату бағасы ҚҚС есебінсіз 448,9 теңге/м3 дейін немесе шектік бағамен салыстырғанда 3,7% төмендетілді (шекті баға уәкілетті органмен 2018 жылдың 26 қаңтарында келісілді және ҚҚС есебінсіз 466,3 теңге/м3 құраған).
Сұйытылған мұнай газын топтық сақтау қондырғылары арқылы сату бағасының төмендеу себебі Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сұйытылған мұнай газын көтерме сатудың шекті бағасының ҚҚС есебінсіз 28000 теңге/тонна мөлшерінде төмендеуімен байланысты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы