Газ, аялдама, жол: Елордада қандай мәселелер шешімін тапты

Астана қаласы «Алматы» ауданының әкімі Мақсат Саматұлы 11 айдың қорытындысын жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Аудан әкімінің сөзінше, «Алматы» ауданында 376 мың адам тұрады. Биыл тұрғын үй алаптарының тұрғындарымен 9 кездесу өткізіп, нәтижесінде 368 проблемалық сұрақтың 247-нің шешімі табылған.

«Алматы» ауданында газдандыру жұмысы жыл бойы белсенді жүргізілген. 5 тұрғын-жай алаңы мен 1 шағын аудан тұтынушылары газға қосылып, толық қамтамасыз етілді, - деді Мақсат Саматұлы.

Аудан әкімі жолдар инфрақұрылымды дамыту жоспарына сәйкес тұрақты түрде жөндеуден өткізілгенін атап өтті. Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы ауданға қарайтын ұзындығы 10,2 шақырымнан тұратын 17 көшені жөндеген.

2023 жылы жолдардың зақымдануына байланысты ауданның «IKOMEK 109» операторына 961 өтінім түсіпті. Аудан әкімдігі осы өтініштер бойынша орамішілік жолдар мен аяқжолдарды жөндеу жұмыстарын үздіксіз атқарды. Атап айтар болсақ, 4 орамішілік жолға, 2 көшеге, 5 автотұраққа асфальт төселген. Одан бөлек 20 учаскеге (2500 м2), шұңқырлы жөндеу жұмыстары жүргізілді, - деді ол.

Аудан бойынша барлығы 442 аялдама кешендері болса, оның 252-і аппараттың балансында. Биыл 11 жылы аялдама орнатылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив
Өзгелердің жаңалығы