Бүгiн 2026, 01:29

Гавайиде соңғы 20 жылдағы ең ауыр су тасқыны болды

Штат бойынша 5 500 адам эвакуацияланды, жолдар жабылды.

Гавайидің ең көп қоныстанған аралы Оахуда мыңдаған тұрғындар эвакуацияланды. Соңғы онжылдықтағы ең күшті су тасқыны нәтижесінде үйлер мен автокөліктер су астында қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.

Гонолулу мэрі Рик Блангиарди бұл апатты архипелагқа келген екінші қатты дауыл деп атап өтті. Қазіргі уақытта 230-дан астам адам құтқарылды, алайда бөгеттердің бұзылу қаупі сақталуда.

Штат бойынша 5,500 адам эвакуацияланды, жолдар жабылды. Гавайи губернаторы Джош Грин тұрғындарды қауіпсіз жерге көшуге шақырды.

Кейбір аудандарда жауын-шашын көлемі 25 см-ге дейін жетіп, жел 160 км/сағ жылдамдыққа дейін күшейді. Дауылдан келтірілген залал 1 миллиард доллардан асады.

Алдағы демалыс күндері және келесі аптаның басында Гавайиде тағы да жаңбыр мен найзағай сақталуы мүмкін.