Гавай аралдарында жанартау атқылуы мүмкін

Гавайида оянған жанартаудың атқылау қаупі бар, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Хабар24 жазды. Мамандар апатқа Мауналоа жанартауында болған жер асты дүмпулер себеп дейді. Одан аққан лава жақын маңдағы тұрғын үйлерді бірнеше сағатта басып қалуы мүмкін. 

Осыған орай  Үлкен аралдың билігі жанартаудың атқылау қаупі жоғары екенін ескертіп, тұрғындарды барынша сақ болуға шақырады. Айта кетейік, Мауналоа 1843 жылдан бері 33 рет атқылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы