Гаухар Танашева не үшін отставкаға кеткені белгілі болды
Мәжіліс депутаты, Қазақстан халық партиясы (ҚХП) фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамов депутат Гаухар Танашева неге отставкаға кеткенін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Магеррамов Танашеваның Мәжілістен кетуі қандай да бір нақты себептерге байланысты емес екенін айтты.
Танашеваның кетуіне нақты себеп бар ма? – деп сұрақ қойды журналистер Мәжіліс кулуарында.
Жоқ. Себебі – жаңа міндеттер. Ол (Гаухар Танашева – ред.) өз жұмысын істеді, әлеуметтік мәселелерді көтерді, енді жұмысшы мамандықтары бойынша жаңа міндеттер тұр. Бізде бұл бағытта өз көзқарасымыз бар, қалай жасау керегін білеміз. Дәл осы мәселемен депутат Нұралин айналысады, – деп жауап берді Магеррам Магеррамов.
Сондай-ақ ол мұндай ротацияның қалыпты тәжірибе екенін қоса кетті.
Партияның міндеті – жұмыс істеу. Біз жұмысшы мамандықтарын белсенді түрде насихаттауға дайынбыз, бүгін мен осы мәселеге қатысты депутаттық сауал жолдаймын. Асылбек Нұралинге нақты міндеттер қойылған, біз кәсіподақтар туралы заң жобасының бастамашысымыз, ол осы мәселемен айналысады, – деді депутат.
Еске сала кетейік, бүгін жаңа депутат Мәжілісте ант берді.