Тұңғыш ғарыштық қонақүйдің жобасы жарияланды

Алматы, BAQ.KZ. The Gateway Foundation америкалық компания Вернер фон Браун атындағы әлемдегі тұңғыш ғарыштық қонақүй жобасын жариялады. Бұл туралы news.com.au хабарлады.

Аталған қонақүй диаметрі 190 метрлі шеңбер үлгісінде ойластырылған және 24 капсулалы бөлмеден тұрады.


Халықаралық ғарыш станциясына қарағанда онда жасанды гравитация бар. Дөңгелек қонақүйдің гравитация деңгейі Айдағыдай болу үшін ол айналып тұрады. Бұл ғарышқа еш дайындықсыз келген адамдардың қолайлығы үшін жасалған. Егер қаласа, гравитацияны өшіріп тастауға болады. 


Қонақүйдің өзі круиздік кеме сияқты, сәнді нөмірлер, коктейль-бар, мейрамхана мен кинотеатры бар. Ғарыштық қонақүйге 400 қонақ сыяды және оған ғарыштық шаттл арқылы жеткізіледі. Жоба жетекшілері қонақүйді 2025 жылы ашуды жоспарлап отыр.


Сондай-ақ, олар осы қонақүйді ашқан соң одан да үлкен 1400 адам сыятын қонақүй жасауды қолға алмақ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы