Ғарышқа ұшқан киноэкипаж Қазақстанға қонды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 17 қазан күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 10:35-те құрамында актриса Юлия Пересильд, режиссер Клим Шипенко және ғарышкер Олег Новицкий бар «Союз МС-18» кемесі борттан оңтүстік-шығысқа қарай 148 км жерде орналасқан жоспарлы жерге сәтті қонды.

Ғарышкерлердің Жерге оралуының тікелей эфирін Роскосмос жүргізді.

Оларды Орталық әскери округтің әскери қызметшілері, Роскосмостың бас директоры Дмитрий Рогозин және Бірінші арнаның бас директоры Константин Эрнст қарсы алды, деп хабарлайды ТАСС.

Ғарыш кемесі аппаратының қонуын қамтамасыз ету жұмыстарына Орталық әскери округтен 200-ге жуық әскери қызметкер, 12 Ми-8МТВ5-1 тікұшағы, Ан-12 және Ан-26 үш ұшағы, арнайы техниканың 20-ға жуық бірлігі жұмылдырылған.

Кеме экипажы да борттық құжаттаманы мұқият зерттеп, қауіпсіз қонуына жауапты мамандардан кеңес алды. Жерге қонушы аппарат ішіндегі экипаж кез келген штаттан тыс жағдайда әрекет етуге дайын болды.

Еске сала кетсек, тарихтағы алғашқы киноэкипаж ғарышқа 2021 жылдың 5 қазанында ғарышта көркем фильм түсіру миссиясымен аттанған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы