Петропавлдық оқушылар ғарыш станциясының прототипін жасап шығарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Петропавлда мектеп оқушылары орбитальды станцияның үлгісін жасап шығарды. Авторлардың пайымдауынша 10 адамға арналған ғарыш кемесінде бір ғасыр бойы өмір сүруге болады.

Жер шарында болып жатқан түрлі экологиялық проблемалар, табиғи қорлардың тапшылығы, жаңа тіршілік көзін іздеу. Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларын орбитальды станцияның прототипін жасап шығаруға осы мәселелер итермелеген.

«Ковчег-1» станциясы түрлі ғаламшарлардың орбитасында тұра алады. Жобаны жазып шыуға 1 ай уақытымыз кетті. Орбитальды станцияда егін егіп, мал өсіріп, балық шаруашылығымен айналысуға мүмкіндік бар. Оның 4 бөлігінің бірінде адамдар тіршілік етеді. «Ковчегте» су қоры таусылғанша, яғни 100 жыл бойы өмір сүруге болады», - дейді жоба авторларының білі Анатолий Зверев.

Орбиталды станцияның ұзындығы – 60, диаметрі – 12 шақырым. Авторлардың пікірінше ғылым саласы бүгінгі қарқынмен дамыса, жобаны келесі жүзжылдықта жүзеге асыруға болады.


«Болашақта адамзатқа осындай ғарыш кемесі қажет болуы мүмкін. «Ковчег-1» – әр бөлігі жеке жұмыс істейтін станция. Ол орталықтан, станция діңгегінен басқарылады. Ғарыш кемесіне басқа ғаламшарлардан ұшуға арналған аппараттар келіп қона алады. Сондай-ақ адамдар мен жүк тасымалын жасауға болады. Жер шарында адам санының көбеюіне байланысты ғалымдар өзге ғаламшарларда тіршілік көзін іздеп жатыр. Сондықтан, бұл маңызды жоба», - дейді физика пәнінің мұғалімі Василий Крючков.

Мектеп оқушылары ғарышты игеру саласында басқа да жобаларды қолға алмақ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы