Гараждағы өрт: Шахтинскіде күйіп қалған балалардың жағдайы белгілі болды
2008 жылғы және 2009 жылғы туған балалар медициналық мекемеге күйік белгілерімен жеткізілген.
Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы гараждағы өрт кезінде зардап шеккен екі жасөспірімнің жағдайы туралы айтты.
Өрт болған кезде күйіп қалған 2008 жылғы және 2009 жылғы туған балалар медициналық мекемеге күйік белгілерімен жеткізілген.
Қазіргі уақытта олардың жағдайлары орташа деңгейде, тұрақты. Дәрігерлер барлық қажетті медициналық көмекті көрсетіп жатыр, – деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.
Айта кетейік, төтенше жағдай Шахтинск қаласында 19 мамырда Жастар (Молодежная) көшесіндегі гараждардың бірінде болған. Сол кезде гараж ішіндегі шатырдың ағаш қаптамасы, қолданыста болған ескі заттар және екі мотоциклдің жанатын бөліктері өртеніп кеткен. Жалынның жалпы аумағы 20 шаршы метрді құрады. Өртті сөндіру барысында оқиға орнынан 2008 жылы туған баланың күйік шалған мәйіті табылды.
Сондай-ақ, денесін күйік шалған 2008 және 2009 жылғы екі жасөспірім жедел жәрдем бригадасымен ауруханаға жеткізілген.
Аталған дерек бойынша облыстық Төтенше жағдайлар департаменті қылмыстық істі тіркеді.
Еске салайық, бұған дейін Шахтинскіде мотоциклге жанармай құймақ болған жасөспірім тірідей жанып кеткені хабарланды.
Тағы оқи отырыңыздар:
Қарағандыда 17 жастағы жасөспірім қағып кеткен 8 жасар қыз көз жұмды
Жамбыл облысында алтын кенішіне заңсыз кірген 20 адам 15 тәулікке қамалды