Гаражда оқыған оқушыларды мас адам қуалап, ұрған. Депутат шырылдаған анадан келген хатты оқып берді

Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы Үкімет сағатында жалғысбасты анадан келген арызды оқып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Орайы келіп тұрғанда жалғызбасты анадан келген арыз-шағымды қаперлеріңізге іле кеткім келеді. Бұл БҚО-дан біздің (депутаттардың – ред.) атымызға келген хат. Бұл жерде былай делінген: БҚО Жымпиты ауылындағы Қ.Мәрзалиев атындағы мектепте (Оқу-ағарту министрлігіне де қатысты – депутат) ремонт жүріп жатыр. Соның салдарынан балалар мектептің артқы жағындағы гараждың ішінде оқуға мәжбүр. Қараша-желтоқсан айында. Осы мәселені Оқу-ағарту министрлігі ескерсе деймін, - деді ол.

Депутат тағы бір мәселені айтты.

Қараша айының соңында осы гараждың ішіне ішімдікке сылқыя тойып алған азамат кіріп, балаларды қуалап, ұрып, сырт киімсіз далада жүгіруге мәжбүрлеген. Бұл мәселені аналар аудандық полиция бөліміне хабарлаған кезде полиция бөлімінің басшысы мас күйіндегі азаматтың анықталмағанынан арызды шешімсіз күйінде қалған құжаттар папкасына салған екен, - деп айтты Нартай Аралбайұлы.

Депутаттар Ішкі істер министрі Ержан Саденовтен осы мәселені өз қолына алуды ұсынды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы