«Гарант 24 Ломбард» қаржы пирамидасына қатысты тергеу амалдары аяқталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрлігінде өткен онлайн брифингте Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов мәлім етті.
Оның айтуынша, аталмыш қаржы пирамидасына қатысты 18 мыңнан астам адамнан арыз келіп түскен. Жалпы шығын 22 млрд теңгені құрап отыр.
Осы істі тергеуге қатысты Ішкі істер министрлігі құрамына 150 тергеуші кірген арнайы жұмыс тобын құрды. Тергеу барысында еліміздің өтініш келіп түскен әр өңірі қамтылды. Қылмыстың 33 эпизоды анықталып, 56 адам күдіктілер қатарына енді. 5 адамға іздеу жарияланды. Іздеу жарияланған адамдар Қырғызстан, Молдавия, Түркия елдерінен табылды. Олар Қазақстанға жеткізілді, - деді ол.
Тергеу департаменті басшысының мәліметіне сүйенсек, жауапқа тартылған адамдардан 70 миллион теңге көлеміндегі ақша тәркіленген. Сондай-ақ, пирамиданы құру және бұл іспен айналысу кезінде сатып алынған мүліктерді де тәркілеуге ілінді. Оның ішінде 15 автокөлік, 2 жүк көлігі мен 2 автокран, 29 пәтер, 5 автортұрақ, 3 жер учаскесі мен 1 кафе бар. Тәркіленген мүліктің жалпы құны 22 млрд теңгені құрап отыр.
Тергеу барысында қаржы пирамидасының барлық офистері тексеріліп, алаяқтықты дәлелдейтін құжатарды қолға түсірдік. Қазіргі күні күдіктілерге қатысты тергеу амалдары аяқталды. Қылмыстық іске қатысы барлары анықталды. Жәбірленушілер мен қылмыскерлер іспен танысуда, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Халықтың ақпаратқа уақытылы қол жеткізуі өте маңызды – министр
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы