"Гарант-24 Ломбардтың" менеджері Оралда ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Күдікті ер адам 9 тамыз күні түнде қамауға алынды, деп жазды mgorod.kz сайты.
Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, "Гарант-24 Ломбардтың" менеджеріне Атырау қалалық полиция басқармасының қызметкерлері іздеу жариялаған болатын. Күдікке ілінген 30 жастағы ер адамға ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы бойынша алаяқтық жасау туралы айып тағылуда. Күдікті Орал қаласының уақытша ұстау изоляторына тоғытылды.Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 21 ақпанында Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментіне 5 миллиард теңгеге жуық шығынға ұшыраған өңірдің 29 тұрғыны "Гарант-24 Ломбардқа" қатысты шағым түсірген болатын. Сол күннің ертеңінде Орал қаласында "Гарант-24 Ломбард" басшысы ұсталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы