Ғани Бейсембаев оқу-ағарту вице-министрі қызметіне тағайындалды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Ғани Бектайұлы Бейсембаев ҚР оқу-ағарту вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Үкіметтің ресми сайты мәлімдейді.
Ғани Бейсембаев 1969 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.
Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 1986 жылы Шиелі аудандық мәдениет бөлімінің автоклуб меңгерушісі қызметінен бастаған.
1989-1990 жылдары — қазақ тілі мұғалімі.
1990-1995 жылдары — орта мектепте директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
1995-1997 жылдары — орта мектеп директоры.
1997-2000 жылдары — ҚР БҒМ Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы президентінің ғылыми хатшысы, кеңесшісі.
2000-2001 жылдары — Қапшағай қаласы білім бөлімінің басшысы.
2001-2006 жылдары — қосымша білім беру орталығының директоры.
2006-2020 жылдары — халықаралық білім беру орталығының бас директоры.
2006-2007 жылдары — техникалық-экономикалық колледж директоры.
2020 жылы ҚР БҒМ «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры болды.
2020 жылғы желтоқсан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР БҒМ Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының президенті болды.
2022 жылдың наурыз айынан бастап ҚР Білім және ғылым вице-министрі.
2022 жылдың тамыз айынан бастап ҚР Оқу-ағарту вице-министрі.
Қаржы, бюджеттік жоспарлау, балалардың құқықтарын қорғау және тіл саясаты мәселелеріне жетекшілік етеді.