Ғани Бейсембаев Оқу-ағарту министрі лауазымына қайта тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғани Бейсембаев Оқу-ағарту министрі лауазымына қайта тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғани Бектайұлы Бейсембаев Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалды, - делінген хабарламада.

Ғани Бектайұлы Бейсембаев

1969 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген. Философия және психология ғылымдарының докторы.

1989-1995 жылдары Алматы облысы Талғар ауданы №14 орта мектебінің қазақ тілі мұғалімі, оқу-тәрбие ісі жөніндегі директорының орынбасары болып жұмыс істеген.

1995-1997 жылдары – Алматы облысы Іле ауданы №12 орта мектебінің директоры.

1997-2000 жылдары – Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының ғылыми хатшысы, кеңесшісі.

2000-2001 жылдары Алматы облысы Қапшағай қаласының білім бөлімін басқарған.

2001-2006 жылдары «Халықаралық қосымша кәсіби білім беру орталығы» ЖШС директоры болып жұмыс істеген.

2006-2007 жылдары – Алматы технологиялық университеті Техникалық-экономикалық колледжінің директоры.

2007-2020 жылдары – «Edtech-kz» халықаралық білім беру орталығының бас директоры.

2020 жылы Білім және ғылым министрлігі «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры болып тағайындалған.

2020-2022 жылдары – Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті.

2022 жылғы наурыз бен тамыз айлары аралығында – білім және ғылым вице-министрі.

2022 жылғы тамыздан бастап – оқу-ағарту вице-министрі.

ҚР Президентінің 2023 жылғы 4 қаңтардағы Жарлығымен ҚР оқу-ағарту министрі болып тағайындалды.

2023 жылғы 4 сәуірде ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрі болып қайта тағайындалды.

2024 жылғы 6 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрі болып тағайындалды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы