Ғани Бейсембаев: Баланы әрбір ата-ана, әрбір ұстаз, әрбір азамат естуі тиіс
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев баланы әрбір ата-ана, әрбір ұстаз, әрбір азамат естуі тиіс екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бала үні – болашақтың үні. Оқу-ағарту министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, "Қазақстан балалары" онкүндігін өткізуде. Әр күн баланың құқығын, қауіпсіздігін, білім мен тәрбие алуын, денсаулығын және дамуын арқау еткен тақырыптық бағыттарға арналды, - дейді министр.
Оның айтуынша, балаға шынайы көңіл бөліп, жеке тұлға ретінде қабылдау саналы ұрпақ тәрбиелеудің бастауы.
Бүгінгі күнді біз "Балалар үні" деп жариялап, әр баланың үніне, арман-мақсатына құлақ түрдік. Баланы әрбір ата-ана, әрбір ұстаз, әрбір азамат естуі тиіс. Оған шынайы көңіл бөліп, жеке тұлға ретінде қабылдау – саналы ұрпақ тәрбиелеудің бастауы. Балаларымыздың арманы биік болса, болашақта еліміздің де еңсесі биік болары хақ. Олардың әр тілегінде үміт, әр сөзінде сенім бар. Оны есту – біздің азаматтық әрі адами парызымыз, - деді ол.