Галышева фристайл-могулдан әлем кубогі кезеңінде төртінші болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дир-Вэллиде (АҚШ) әлем кубогі кезеңі аясында параллель могул жарысы аяқталды. Қазақстандық Юлия Галышева төртінші орынға ие болды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстандық спортшы жартылай финалда америкалық Ханна Сордан жеңіліп қалып, үшінші орын үшін сынға түсуге мүмкіндік алды.  

Юлия Галышева қола медаль үшін Тесс Джонсонмен (АҚШ) бақ сынады. АҚШ өкілі Джонсон Юлия Галышевадан басым түскендіктен, отандасымыз төртінші ие болды. 

Қазақстан құрама сапынан Анастасия Городко, Аяулым Амренова, Павел Колмаков, Сергей Романов, Антон Бондарев және Дмитрий Рейхерд те жарыс жолына шықты. Өкінішке қарай, олар шешуші кезеңге жете алмады.   


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы