Галышева АҚШ-тағы әлем кубогінде үздік бестікке енді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Фристайл-могулдан АҚШ-тың әйгілі Дир-Вэлли бөктерінде өтіп жатқан әлем кубогі кезеңінде Юлия Галышева үздік бестікке енді деп хабарлайды Olympic.kz. 

Қазақстандық спортшы алғашқы финалдық кезеңде 78,90 ұпай жинап, ақтық сынға өткен алты спортшының қатарына енген болатын.  

Ал ең басты финалда Галышева секіру элементтерінің бірінен қате жіберіп, 77.31 ұпаймен бесінші орынға тұрақтады. Әйелдер арасындағы сында франциялық Перрин Лаффон топ жарды. Оның еншісінде 83,23 ұпай бар. 

Екінші және үшінші орынды жапониялық спортшылар Анри Кавамуро (80,94) мен Кисара Сумиоши (79,55) иеленген. 



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы