Ғалымжан Қойшыбаев Премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды

Сондай-ақ Үкімет Аппаратының Басшысы қызметін атқарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы лауазымына тағайындалды, - делінген Жарлықта. 

Ғалымжан Қойшыбаев 1968 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.

М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университететін тәмамдаған.

Философия ғылымдарының кандидаты.

1995-2004 жылдары Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы, бірінші хатшысы, кеңесшісі, кеңесші-уәкілі болып қызмет еткен.

2004 жылы Қазақстан Республикасының Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы өкілетті өкілі болған. 

2004-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Бас инспекторы.

2006-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.

2008-2012 жылдары – Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы, Эстония Республикасындағы және Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (қоса атқарушы).

2012-2016 жылдары – Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасы мен Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (қоса атқарушы).

2016-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы cыртқы істер министрінің орынбасары.

2019 жылғы 26 наурызда ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы болып тағайындалды.

2022 жылғы 11 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы болып қайта тағайындалды.

2023 жылғы 4 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы болып тағайындалды.

2023 жылғы 3 сәуірде Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы болып қайта тағайындалды.

2024 жылғы 6 ақпанда ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы болып  тағайындалды.

Өзінің лауазымдық міндеттері аясында келесі мәселелерді үйлестіреді:

  • Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Үкіметінің қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық, сараптамалық-талдамалық, кадрлық, ақпараттық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
  • мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан арылту;
  • мемлекеттік органдардың әкімшілік реформасын іске асыру;
  • орталық және жергілікті атқарушы органдарды цифрландыру;
  • мемлекеттік органдарды ақпараттық-телекоммуникациялық тұрғыдан қамтамасыз етудің бірыңғай жүйесін, оның ішінде ақпараттық деректер базасын құру;
  • орталық және жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимылы;
  • заң жобалау жұмысын жүргізу, норма белгілеуді жетілдіру және нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу, зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Үкімет баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы