Ғалымдары Президентің Жолдауын талқылады

Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары дөңгелек үстел форматында Президентің «Әділ Қазақстан:заң мен тәртіп, экономикалықөсу, қоғамдықоптимизм» атты Жолдауын талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шараға ЕҰУ Әлеуметтік-мәденидаму жөніндегі проректоры Ләзат Нұрқатова, филология ғылымдарының докторы Рахымжан Тұрысбек, тарих ғылымдарының докторы Тұрсынхан Қайыркен,экономика ғылымдарының докторы Бауыржан Толысбаев, ЕҰУ ҚХА кафедрасының меңгерушісі Наталья Калашникова, әлеуметтік ғылымдар кандидаты Рамазан Салықжанов және басқалар қатысты.

Ғалымдар қазақстандық қоғамның алдындатұрған нақты міндеттерді атап өтті.

Жолдаудың басым бағыты біліктімамандарға деген қажеттілік болып табылады. Оның ішінде қолданбалы ғылымның әлеуетін арттыру ісі негізгі назарға алынып, қажеттілігі мен өзектілігі заман талабы, уақыт рухымен берік байланыста көрсетіліп, жүйелі жеткізіледі. Бұл бағыттар – техникалық Һәм кәсіптік білім беру саласын да қамтып, оның өзіне білікті кадрлар дайындау ісінде реформа жасаудың қажеттілігі барын нақтылы көрсетеді. Осы орайда, 2025 жылды – Жұмысшы мамандықтары жылы деп жарияланып, жауапкершілік пен еңбекқорлық, біліктілік пен кәсібилік сынды қасиеттер айрықша аталды.Бұл мән - жайлар елдің дамуынажәне экономикалықөсуге, бәсекеге қабілеттілік тұрғысынан адамифактордың қалыптасуына үлкен әсер етеді, - деп атап өтті ЕҰУ профессоры Рахымжан Тұрысбек.

Ғалым Бауыржан Толысбаев Президенттің биылғы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауы 9 басым бағытты айқындап, әрбір бағыт бойынша нақты дәлелдермен ұсыныстар айтқанын атап өтті.

Цифрлық технологиялардың пайда болуына байланысты өндірістің көптеген салалары әртараптандыру процестеріне қатысады, бұлбіздің экономикамызды жаңа бағыттадамытуға мүмкіндік береді. Президент 17ірі жоба жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Менің ойымша,біз өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, азық-түлік өндірісі саласындағы орасан зор әлеуетімізді толық пайдаланааламыз. Инновацияға бағытталған терең өңдеу өнімдерін өндіруге арналған бағыттарды әзірлеуге бірденкірісетін уақыт келд», - дедіэкономика ғылымдарының докторы.

ЕҰУ әлеуметтану кафедрасының қауымдастырылған профессоры Рамазан Салықжанов бұқаралық спорт саласындағызаңнаманы жаңарту қажеттілігіне тоқталды.

Президент бұқаралық спорт саласындағы заңнаманы жаңарту қажеттілігі туындағанын атап өтті. Біздің ойымызша,бұқаралық спортты нығайту мақсатында спортты дамытудың басымдықтары қайта қаралуы тиіс. Ұлт денсаулығы үшін балалар мен жасөспірімдер және студенттер спортын дамыту маңызды. Болашақ Әлем чемпиондары менолимпиаданың жеңімпаздары бірінші кезекте бұқаралық спортқа келетін балалардың арасынан шығады. Сондықтан жоғары жетістіктерге жету үшін мемлекеттік қаржыландыруды балалар мен жасөспірімдерге және студенттер спортына, параолимпиадалық қозғалысты дамытуға қайта бөлу қажет, - деп атап өтті әлеуметтану ғылымдарының кандидаты.

Дөңгелек үстел барысында Мемлекет басшысы айтқан денсаулық сақтау, экономика, заңнама, білім беру салаларындағы тезистер талқыланды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы