Ғалымдар жаңа дәрі сүт безі қатерлі ісігінің ұлғаюын тежейтінін анықтады

Жаңа дәрі сүт безі қатерлі ісігінің ұлғаюын тоқтатуы мүмкін екенін зерттеу нәтижелері көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Sky News-ке сілтеме жасап.

Лондонда жүргізілген халықаралық Serena-6 зерттеуінің нәтижесінде camizestrant деп аталатын жаңа дәрі сүт безі қатерлі ісігінің өсуін айтарлықтай баяулататыны анықталды. Зерттеуге 23 елден 3 000-нан астам адам қатысып, нәтижесінде бұл дәрі аурудың өршу қаупін 52%-ға төмендететіні дәлелденді.

Camizestrant эстроген гормонының ісік жасушаларына әсерін бөгеп, олардың дамуын тежейді. Сонымен қатар, зерттеу барысында қатерлі ісіктің қан арқылы анықталатын ДНҚ-сын бақылау арқылы емді уақтылы өзгерту мүмкін болған. Ғалымдар бұл тәсілді медицинаның болашағы деп отыр.

Сүт безі қатерлі ісігі – әлемдегі ең кең таралған обыр түрлерінің бірі. Жаңа дәрі бұл аурумен күреске тың серпін бермек.

Ұлыбританияда жыл сайын шамамен 56 400 әйел және 390 ер адам осы диагнозбен тіркеледі. 

Жаңа дәрі кейбір сүт безі қатерлі ісігі ісіктерінің гормондарды пайдаланып өсуін тоқтата алатыны клиникалық сынақ барысында анықталды.

Зерттеу camizestrant дәрісін қолдану науқастардың саулығын ұзақ уақыт сақтап, химиялық емнің қажеттілігін кейінге шегеруге көмектесуі мүмкін екенін көрсетті. Cancer Research UK мәліметінше, бұл дәрі эстрогеннің сүт безі қатерлі ісігі жасушасына енуін бөгеп, қатерлі ісіктің өсуін тоқтату немесе бәсеңдету мақсатында жұмыс істейді.

Institute of Cancer Research-тың бас директоры, профессор Кристиан Хелин бұл нәтижелерді "клиникалық кезеңнен асып, дәл медицина саласында төңкеріс жасаған маңызды өзгеріс" деп атады.

Жоба жетекшілерінің бірі, профессор Ник Тернер бұл дәрінің дамуы сүт безі қатерлі ісігін емдеуде "маңызды тарихи сәт" екенін айтты.

Сынақтың үшінші кезеңіне 23 елден 3 000-нан астам науқас қатысты. Онда дәрігерлер қаннан қатерлі ісіктің ДНҚ-сындағы өзгерістерді анықтау арқылы қай емнің тиімді еместігін байқады.

Camizestrant қабылдаған науқастарда қатерлі ісік орта есеппен 16 ай бойы тұрақталса, басқа ем шараларында бұл уақыт шамамен 9 айды құрады.

Еске салайық, осыған дейін қартаюды баяулататын дәрумен анықталған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы