Ғалымдар топырақ құнарын арттыратын биогель жасауда

Топырақ құнарлылығын арттыру жолын фермерлер ғана емес, қазақстандық ғалымдар да қолға алған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Amanzholov University-дің ғылыми қызметкері Қыдырмолла Ақатан агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту мақсатында топырақтың ылғалдылығы мен құнарлылығын арттыру үшін целлюлоза негізінде мультикомпозиттік биогидрогель әзірлеуде. 

Жоба ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетінің 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған байқауында жеңімпаз атанды. Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығында қолданылатын топырақтың 75%-дан астамы тозуға ұшыраған. 

Қалған 25%-ы тәуекел аймағында. Мұның бәрі өнімділіктің төмендеуіне және үлкен қаржылық шығындарға әкеледі. Қыдырмолла Ақатанның айтуынша, биогидрогельге тек отандық шикізат пайдаланылғандықтан басқа түрлеріне қарағанда 1,5 есе арзан болады. Тағы бір артықшылығы – пайдаланудың әмбебаптығы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі
Өзгелердің жаңалығы