Ғалымдар: Шылым шегуден бас тарту деменция қаупін азайтады
Jama Network Open журналында жарияланған жаңа зерттеуге сәйкес, темекі шегуден бас тарту деменцияның, соның ішінде Альцгеймер ауруы мен тамырлы деменцияның қаупін азайтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Корея ғалымдары темекі шегу деменцияның пайда болуының үшінші қауіпті факторы екенін атап өтті, оған дейінгі қос фактор – нашар деңгейлі білім беру мен есту қабілетінің жоғалуы. 2050 жылға қарай 152 млн адам деменцияға ұшырауы мүмкін деген болжам бар.
Сондықтан адамның өмір салтын және онымен байланысты жаман әдеттерді өзгерту арқылы қауіп факторларының теріс әсерін уақытында азайту маңызды. Бұл зерттеудің нәтижелері деменциямен байланысты аурудың пайда болуы мен дамуын азайту үшін темекі шегуден толық бас тартуға баса назар аудару қажет екенін көрсетеді. Алайда никотинге тәуелділіктен құтылу қиын. Темекі шегуден бас тарту қиынға соғатын адамдар никотинді жеткізудің балама көздеріне ауысып, темекіні тастау құралы ретінде қарастыруы керек және мұндай баламалардың денсаулыққа зияны аз. Темекі шегуден бас тартудың бұл әдісі қазірдің өзінде Ұлыбританияда қолданылады, - деді дәрігер және «Денсаулық ұлттық қауымдастығы» ЗТБ төрағасының орынбасары Гинтаутас-Юозас Кентра.
Ғалымдар темекі шегуді тоқтату немесе азайту деменция қаупімен байланысы бар-жоғын анықтау мақсатында Кореяның ұлттық медициналық сақтандыру қызметінің базасын пайдаланып, зерттеу жүргізген. Зерттеуге 2009 және 2011 жылдары 2 жылда бір рет медициналық тексеруден өткен 40 және одан жоғары жастағы 790 000 адам қатысқан.
Зерттеушілер қатысушылардан темекі шегудің ұзақтығы мен тәулігіне темекі шегудің орташа мөлшері туралы сауалнама жүргізді. Негізгі тексеріс кезінде қатысушылардың жартысынан көбі көп темекі шегушілер (53,8%), 37,5% орташа темекі шегушілер және 8,8% жеңіл темекі шегушілер (күніне бес немесе одан аз темекі) болған.
Темекі шегуді доғарғандаода деменцияның барлық түрінің даму қаупі бұрынғы темекі шегу қарқындылығын сақтағандармен салыстырғанда 8%-ға төмен болыпты. Темекі шегу қарқындылығының жоғарылауымен ауру қаупі 12%-ға өскен. Бұл ретте шегетін темекі санын бастапқы деңгеймен салыстырғанда жартысына немесе одан да көп төмендеткен қатысушылар тобында деменцияның кез келген түрінің пайда болу ықтималдығы 25%-ға өскен.
Темекі шегуден бас тарту үздіксіз темекі шегумен салыстырғанда деменцияның даму қаупін азайтады. Алайда, күніне шегілетін темекі санының азаюы деменция қаупін азайтуға көмектеспеді, - деп атап өтті зерттеу авторы, медицина ғылымдарының докторы Джунхи Пак.