Ғалымдар қазақ тіліндегі медициналық терминдердің сөздігін әзірлеуді жоспарлап отыр
Семейде өткен кездесуде қазақстандық дәрігерлер мен ғалымдар өзекті медициналық терминдер сөздіктерін жасауды талқылады, деп хабарлады BAQ.KZ.
Республикалық терминологиялық конференция барысында мамандар денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің терминологиялық базасын қалыптастыру туралы сөз қозғады. Ғылыми жарияланымдардағы аббревиатураларды талдауға және ғылыми медициналық тілді жүйелеуге ерекше назар аударылды-, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Салаға жасанды зердені енгізу, оның ішінде KAZHealthGPT жүйесін әзірлеу жеке тақырып ретінде ауқымды талқыланды.
Сонымен қатар, қатысушылар «Мемлекеттік тілдегі 100 медициналық оқулық» жобасының болашағына сенім білдірді.
Олар уәждеме ретінде қазақ тілінде орындалған ғылыми жұмыстарды көтермелеуді және ғылыми журналдардағы үздік жарияланымдар үшін сыйлық тағайындауды ұсынды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанадағы мектеп оқушылары аналарын мерекемен құттықтады
Өзгелердің жаңалығы