Ғалымдар өздігінен жойылатын пластик ойлап тапты

Әлемде жыл сайын 57 млн тонна пластикалық қалдық қоқысқа тасталады, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Әсіресе жылына 10 млн тонна қалдық шығаратын Нью-Дели, Лагос, Луанда сияқты шаһарларда ластану деңгейі өте жоғары. Ал мұның алдын алудың жолы - қоқысты қайта кәдеге жарату. Газа секторында жергілікті халық пластикті отынға айналдыра бастады. Олар қақтығыс кезінде қираған ғимараттар мен үйлерден күнделікті пластикалық қалдықтарды жинап, оны өңдеп, тәулігіне шамамен 50-60 литр жанармай өндіріп шығарады. Литрін 9 доллардан саудалауда. 

Палестиналықтар бұл бастаманы өздерін қажетті отынмен қамтамасыз етіп, онсыз да қақтығыс салдарынан қоқыс басқан ортаны ластамай, таза ұстау үшін жүзеге асырып отыр. Пластикалық қалдықтарды қолмен ұсақтаймыз. Жарықтың жоқтығынан барлығын солай жасауға тура келеді. Қираған үйлердің қалдықтарын жинақтап, өңдеу жұмысына қажеттісін сорттап, таңдап аламыз. Осылай күнделікті өзімізге қажетті жанармайды шығарып аламыз, - деді жергілікті тұрғын Махмуд Мослех. 

Америкалық ғалымдар өздігінен жойылатын пластик ойлап тапты. Бұл әдіс ең қатты пластмасса түрі полиуретанды жейтін бактерияның көмегімен жүзеге асырылады. 

Пластикке енгізілген зиянкес белсенді түрде полиуретанның құрылымын бұзады. Бұл оның қысқа мерзімде өздігінен ыдырауына мүмкіндік береді. Сондай-ақ қоршаған ортаға зиян келтірмей, жаһандық ластану мәселесін шешуде маңызды қадам болуы мүмкін, - дейді мамандар. 

Калифорнияда полиэтилен пакет қолдануға тыйым салынады Ал Калифорния штатында келер жылдан бастап сауда жасау кезінде полиэтилен пакеттерін қолдануға тыйым салынады. Сауда орындарында көпреттік сөмкесі жоқ тұтынушылар үшін қағаз пакеттер ұсынылады. 

Билік полиэтилен сирек өңделеді, кейде тіпті, қайта өңдеуге келмейді, жүздеген жылдар бойы ыдырап, мұхиттар мен топырақты ластайды дейді. Үкімет мұның алдын алып, қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін жаңа заңды қолданысқа енгізгелі отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pixabay.com
Өзгелердің жаңалығы