Ғалымдар коронавирустан қорғану үшін қандай дәрумен ішу керектігін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ғалымдар коронавирус инфекциясының ауыр түрінен қорғайтын дәруменді атады. С дәруменін тамыр ішіне енгізу организмге аурумен күресуге оң әсер етеді деп жазады Lenta.ru.

Мамандар С дәрумені плацебомен салыстырғанда COVID-19-дан сауығу қарқынын 70%-ға арттырады. Жаңа Зеландиядағы Отаго университетіндегі зерттеу авторларының бірі Анитра Карр С дәруменін ішкен пациенттерде қандағы оттегі деңгейі артып, қабыну маркерлері төмендегенін алға тартты.

Оның айтуынша, тиімді доза: тамыр ішіне 6 грамнан 24 грамға дейін енгізу қажет.

Мамандар сонымен қатар SARS-CoV-2 ми жасушалары үшін қауіпсіз деп атаған болатын. Сондай-ақ олар коронавирус иіс сезуге жауап беретін сенсорлық нейрондарды зақымдайтындығына да дәлел таппаған.

Иіс сезу қабықшасының паренхиматозды тіні де зардап шекпеген. Осылайша, коронавирус инфекциясы нейротропикалық вирусқа ұқсамайды деп отыр ғалымдар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы