Ғалымдар коронавирусты екі секундта жоятын әдіс ойлап тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ғалымдар қауіпті індетті небәрі екі секундта жоюдың тәсілін ашты. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, миллиметрлік толқындар коронавирус пен полиовирусты екі секунд ішінде 99,8%-ға жоюға қабілетті, деп жазады Lenta.ru.

Мамандар COVID-19-ға бірден он миллиметрге дейінгі ұзындықтағы радиотолқынның ықпалын сәулелендірген. Зерттеу аяқталған соң олар радиация патогендерді көзді ашып-жұмғанша, яғни екі секунд ішінде жоятынын анықтаған. Миллиметрлік толқындарды да олар обыл жасушаларымен күрестің тәсілі, сонымен қатар энергияны сымсыз жіберу әдісі деп атады.

Сәулелендірудің бұл миллиметрлік толқын режимінде әрекет етеді, бұл дегеніміз шамамен үш миллиметрдей толқын ұзындығына ие деген сөз. Салыстыру үшін айтар болсақ: ұялы телефонның сәуле шығару шамамен 30 сантиметр толқын ұзындығына, ал микротолқынның сәулеленуі – шамамен 12 сантиметрге ие, - деп түсіндірді жұмыс авторларының бірі, профессор Моше Эйнат.

Зерттеушілер мұндай толқындар температураны ұлғайтуы салдарынан вируспен күресуге мүмкіндік тудыратындығымен түсіндірді. Алайда ғалымдар бұл тәсілді адам организміндегі COVID-19-бен күреске пайдалануға күмән тудырды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы