Ғалымдар коронавирустан қорғайтын спрей ойлап тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Эстондық ғалымдар коронавирустан қорғайтын спрей ойлап тапты. 

Эстондық компаниялар мен университеттер бірігіп жасаған мұрынға арналған спрейге жүргізілген зертханалық зерттеулер оның тиімділігін дәлелдеп отыр, деп жазды Postimees.

Ол тіпті, қазіргі таңда өршіп тұрған вирустың дельта-штамынан да қорғайтын көрінеді.

Зертханалық зерттеулер спрейдің «ухандық» штамнан да, «дельта» штамнан да, сондай-ақ «британдық», «оңтүстікафрикалық» және «бразилиялық» штамдардан да қорғауды қамтамасыз ететіндігін дәлелдеді.

Гендік инженериямен айналысатын Icosagen компаниясының директоры Март Устав бір мезетте коронавирустың барлық штамынан жақсы қорғайтындығын алға тартты.

Командамызбен бірігіп вирустағы өзгерістерді үнемі қадағалап отырамыз және біз ойлап тапқан BioBlock спрейінің кең таралмаған штамдарды бейтараптандыру қабілетін сынақтан өткізетін боламыз, - деді ол.

BioBlock спрейін өндіру мен сату туралы шешімді аталған елдің Денсаулық департаменті қабылдаған. Оған білікті мамандар мен сарапшылардан тұратын топтың берген қорытындысы негіз болған.

Эстондық өнімді әзірлеу мен сату үшін Chemi-Pharm, Icosagen, Тарту университеті, Эстон жаратылыстану ғылымдары университетінің ғалымдары мен мамандарынан құралған консорциум құрылған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы