Ғалымдар коронавирусты оқшаулаудың әдісін тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италияның Lazzaro Spallanzani инфекциялық аурулар ұлттық институтының ғалымдары қытайлық коронавирусты оқшаулаудың әдісін тапты. Бұл туралы euronews хабарлады.
Италия денсаулық сақтау министрі Роберто Сперанцаның айтуынша, жаңа әдіс емдеу әдістерінің дамуы және вакцина әзірлеуді аяқтау үшін ауру механизмін зерттеуге мүмкіндік береді.
Вирусты оқшаулау, демек оны зерттеу мен түсіну үшін үлкен мүмкіндіктер алу. Біз инфекцияның тарап кетпеуін тоқтататын тиімді зерттеулер жүргізе аламыз. Жақын арада толық ақпаратпен бөлісеміз, - деді министр.
Қытай билігі коронасируспен күрес үшін 60 мың дәрігерді жұмылдырды. Тағы медициналық жабдықтар, қорғау маскалары мен костюмдарын өндіруді жоспарлап отыр.
Макао университетінде короновирусты жарты сағатта анықтайтын патенттелген цифрлық жүйе әзірленді.
"Синьхуа" агенттігінің хабарлауынша, коронавирус ушыққан Ухань қаласында коронавирус жұқтырғандарды емдеу үшін арнайы аурухананы 10 күнде салынып, қолданысқа берілген.
Аурухана елдің орталығындағы Хубэй провинциясына қарасты Ухань қаласында жаңа коронавирустың өршуінен туындаған пневмония эпидемиясына қарсы уақытша салынған. "Хошэньшань" емханасы бүгін ресми түрде пайдалануға берілді.
3 ақпаннан бастап, жұмыс істей бастайтын жаңа ауруханада науқастарды емдеу 1400 әскери дәрігерге жүктелген. 1000 төсек-орынға арналған "Хошэньшань" ауруханасының құрылысы 23 қаңтарда басталған болатын, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, 2019 жылдың 31 желтоқсанында Қытай билігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Ухань қаласында белгісіз пневмонияның таралып жатқаны туралы хабарлаған еді. Сарапшылар аурудың қоздырғышын анықтады – ол 2019-nCoV коронавирусы.
Ал, қаңтар айының соңында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдағы жаңа коронавирус індетін халықаралық маңызы бар төтенше жағдай деп жариялады.