Ғалымдар коронавирус ақыл-ойды тежейтінін анықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус инфекциясы ақыл-ой қабілетіне жауап беретін мидың бөліктерін зақымдайды. 

Бұл туралы британиялық және америкалық ғалымдар The Lancet журналында жариялады.

Осылайша коронавирус инсультқа қарағанда зерденің деңгейін төмендететін көрінеді. Ғалымдар адам сауыққан соң да ол қалпына келмейді деп отыр.

Олар СOVID-19-ға шалдыққан 81 мыңнан астам адамның арасында зерттеу жүргізген. Науқастар аурудан айыққан соң зерде деңгейі айтарлықтай төмендегені байқалыпты.

Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың арасында (соның ішінде, жеңіл түрі) COVID-19-ға шалдықпағандарға қарағанда есеп шығару барысында қиындықтардың орын алғаны анықталыпты. Айта кететіні, жоспарлау мен аргументтеуді талап ететін есептерді шешкен кезде қиналған көрінеді.

Когнитивті жеткіліксіздік әсіресе, инфекцияның ауыр түріне шалдығып, ӨЖЖ аппаратына қосылған пациенттерде байқалған. Ғалымдар парасат деңгейі, яғни мидың когнитивтік қабілеттері аурудан айыққан соң бір жыл өткен соң да қалпына келмейтінін растады. Вирус абстрактілі ойлау және логикамен байланысты мидың бөлігін зақымдайды деп отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы