Ғалымдар көңіл-күйді жақсартатын жемісті атады
Жаңа Зеландиядағы Отаго университетінің ғалымдары организмге С дәруменінің жетіспеуі көңіл-күйдің нашарлауына әсер ететінін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мамандардың сөзінше, осы мәселеден арылу үшін күнделікті киви тұтыну керек екен.
Сарапшылар жүргізген зерттеуге С дәруменінің жеткіліксіздігі анықталған 155 адам қатысқан. Олар үш топқа бөлінді: алғашқы топ сегіз апта бойы С дәруменін ішсе, екіншісі – плацебо, үшіншісі екі кивиден жеп отырған.
British Journal of Nutrition (BJN) мәлім еткендей, зерттеудің төртінші күні күнделікті киви тұтынған адамдардың көңіл-күйі жақсарғаны белгілі болды. Бұдан бөлек адамдардың өмірге деген құштарлығы арта түскен. С дәруменін ішкендердің де көңіл-күйі едәуір жақсарған. Дегенмен кивимен салыстырғанда әсері бәсеңдеу болған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қарағандыда 328 млн теңгеге жоқ жолды жөндемек болған
Келесі жаңалық
Жем пайдалану локомотив депосының бастығы сотталды
Өзгелердің жаңалығы