Ғалымдар екі вакцинаны араластырудың тиімділігін дәлелдеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оксфорд университетінің ғалымдары коронавирусқа қарсы екі вакцинаны араластырудың тиімділігін дәлелдеді. Бұл туралы Lancet медициналық журналына сілтеме жасай отырып, Lenta.ru хабарлайды.
Зерттеу деректеріне сәйкес, Pfizer препаратының бірінші және AstraZeneca вакцинасының екінші компонентін араға төрт апта өткізіп салу иммундық жауапты күшейткен. Екпені кері ретпен араластыруда көрсеткіш біршама төмендеген. Осы орайда ғалымдардың айтуынша, антиденелердің жоғары деңгейін Pfizer препаратының екі дозасы арасындағы вакциналау қамтамасыз етіп отырған көрінеді.
Зерттеушілер олардың жұмысының нәтижесі індетпен күресте коронавирусқа қарсы вакцинаны қолдануға көмектеседі деп есептейді.
Бұрынырақ ағылшындық ғалымдар COVID-19-ке қарсы AstraZeneca және Pfizer екпелерін араластырған соң жағымсыз әсерлердің көп орын алу ықтималдығын ескерткен болатын.
Олар вакцина салған соң енжарлық пен бастың ауыруы сынды жеңіл және шамалы әсерлердің бір екпенің компоненттерін екі рет салдырғандарға қарағанда екі вакцинаны араластырып салған алған жиірек кездескен көрінеді.